Фин компаниялары үшін Қазақстанның туризм саласы да тартымды

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Бизнесмендер барлық мүмкіншілікті тиімді пайдалануы қажет. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Туризмді дамытуға баса мән берілуде. Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Біз саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор бағыты ретінде аңшылық пен балық аулау, мәдени, білім беру және медициналық туризмді дамытуды көреміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның табиғи басымдығы мен туризм саласындағы фин компанияларының мол тәжірибесі екі елге де өзара тиімділік әкелетіндігін баса айтты.

«Бизнесмендер бизнесті дамытып, өзара тиімді серіктестікті нығайту үшін қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалануы қажет», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.  

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылатындығын айтты  және фин компанияларын еліміздің агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар