Фин компаниялары Қазақстан кәсіпорындарының активтерін сатып ала алады

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Фин компаниялары Қазақстанның ұлттық компанияларының активтерін сатып ала алады. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Қазақстанда ауқымды жекешелендіру жүзеге асырылуда. Тау-кен өндіру, металлургия, мұнай-газ, энергетика, көлік және өзге де кәсіпорындардың активтері сатылымға шығарылды. Таяу жылдары біз Қазақтелеком, Қазатомэнеркәсіп, Эйр Астана, ҚазМұнайГаз, Қазақстан темір жолы, Қазпошта сынды өзге де ірі ұлттық компанияларды ІРО-ға шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан аталған мәмілелер үшін шетелдік инвесторлар тарапының сұраныстарын зерделеп жатқанын айтты.

«Бұл тұрғыда фин инвесторларының әлеуеті біз үшін маңызды екендігі сөзсіз», - деді Елбасы.

null 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.  

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар