Филиппиндіктерге «Нок-Тен» тайфуны төніп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиндіктерге "Нок-Тен" алапат дауылынан қауіп төніп тұр. Жағалаудағы аудан тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілуде, деп жазады Би-би-си.

Филиппиннің шығыс жағалауына "Нок-Тен", сондай-ақ  "Нина" атымен танылған алапат тайфун жақындап келеді. Дауылдың жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жетеді.

Катандуанес провинциясының вице-губернаторы халықты міндетті түрде эвакуациялауға тапсырма бергенімен, көпшілігі Рождества күні үйлерін тастап кеткілері келмейді.

Супертайфун халық көп қоныстанған аумақтарға, соның ішінде Филиппин астанасы Манилаға да қауіп тудыруда. Билік жағалауды екі метрлік толқын шайып кетеді деп ескертуде.

Метеорологтардың айтуынша, "Нок-Тен" дауылы жағалауға жеткенге дейін біршама басылады. Манила билігі қатты желден қала көшелеріндегі жарнама бағандары ұшып, адамдарды жаралауы мүмкін деп барлығын алып тастауға бұйрық берді.

2013 жылы Филиппинде "Хаян" тайфуны 7 мыңнан астам адамның өмірін қиды.  

Соңғы жаңалықтар