Филиппиндік бойжеткен Ғалам аруы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы филиппиндік ару Катриона Грэй «Ғалам аруы-2018» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CNN Philippines агенттігіне сілтеме жасап.

Екінші орынға Венесуэладан келген Стефани Гутьеррес лайық деп танылды.

Жалпы, Катриона Грэй - Ғалам аруы атанған төртінші филиппиндік бойжеткен. Бұған дейін Филиппиннен 1969 жылы - Глория Диас, 1973 жылы - Марджия Моран және 2015 жылы Пия Вурцбах осы байқауда бас жүлдені иеленген болатын.  

Ал өткен жылы оңтүстікафрикалық модель Деми-Лей Нель-Петерс оқ бойы озық шығып, ғаламның ең сұлу аруы атанды.

Айта кетейік, біз бұған дейін алматылық Сәбина Әзімбаеваның аталмыш байқауға қатысатыны жөнінде жазған едік. Қазақстандық үміткер үздіктер қатарына енген жоқ.   

Соңғы жаңалықтар