Филиппиндегі тайфун: құрбандар саны 67-ге жетті

None
None
МАНИЛА. ҚазАқпарат - Филиппинді жайпап өткен сұрапыл дауыл салдарынан опат болған адамдардың саны 67-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің солтүстік өңірлерін соңғы қырық жылда болмаған су тасқыны басып қалды.

Филиппин Президенті Родриго Дутерте Кагаян аңғарындағы жағдайды бағалау мақсатымен Тугегарао провинциясына ұшып барды. Бұл өңірді Вамко атты тайфуннан соң туындаған тасқын су астында қалған еді.

«Кагаян аңғарында 22 адам, Лусон аралының оңтүстігінде - 17, Манила қаласында – 8 және өзге екі аймақта 20 адам көз жұмды»,- деп мәлім етті елдің табиғи апаттарды басқару агенттігінің өкілі Марк Тимбал.

Оның айтуынша, 12 адам із-түзсіз жоғалған және Вамко дауыл салдарынан 26 000 үй бүлінген.


Соңғы жаңалықтар