+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Филиппиндегі тайфун: 25 мыңнан астам адам эвакуацияланды, жүздеген кентті су басты

2020 жылғы 26 қазан 14:04
Бөлісіңіз:
Филиппиндегі тайфун: 25 мыңнан астам адам эвакуацияланды, жүздеген кентті су басты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан жүздеген кентті су басты. Ел билігі 25 мыңнан астам адамды қауіпсіз аудандарға эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған Нью-Йорк штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, эвакуацияланған 25 мың адамнан басқа, тағы 20 мың азамат арнайы жабдықталған мектептер және үкіметтік ғимараттарды паналап отыр. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен-Шығыс Миндоро провинциясы. Мұнда жүздеген кент су астында қалды, ауылшаруашылық алқаптар бүлінді, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Көптеген елді мекендер электр жарығынсыз отыр.

«Молаве» тайфуны батысқа қарай бағыт алған, жел екпіні cағатына 180 шақырымға жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT