Филиппинде су тасқынынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті

None
БАНГКОК. ТАСС – ҚазАқпарат – Филиппинде су тасқыны салдарынан кем дегенде 29 адам қаза тапты, 4 адам із-түзсіз кетті. Сейсенбіде таратылған Табиғи апаттың алдын алу және жою жөніндегі кеңестің есебінде айтылғандай, қолайсыз ауа райы республиканың 14 аймағында 1,39 миллионнан астам адамға зиян келтірген. Бұған дейін 28 адамның қаза тапқаны туралы мәлім етілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 203,3 мың адам 484 эвакуациялық орталыққа орналастырылған. Кем дегенде 14,1 мың адам үйлерін тастап кетіп, 12 азамат түрлі жарақат алды. 14 өңірде су тасқыны мен көшкінге байланысты мыңнан астам оқиға тіркелді.
Апат 1,37 мың үйге (құны 2,41 миллион песо (43,8 мың доллар) зақым келтірді. 156 инфрақұрылымдық нысанға келтірілген залал 171,5 млн песоға ($3,13 млн), ауыл шаруашылығына - 399,5 млн песоға (7 7,29 млн) бағаланып отыр. Су тасқыны 238 жол мен 55 көпірге зақым келтірді, 26 теңіз портының жұмысына кедергі болған.
555 қала мен 134 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақтар мен кәсіпорындардағы жұмыс тоқтатылды. 32 елді мекенде апат режимі енгізілді. Үкімет көмек көрсетуге 74,5 млн песо ($1,36 млн) бөліп отыр.


Фото: Philippine Coast Guard/ Handout via REUTERS

Соңғы жаңалықтар