Филиппинде су тасқынынан 25 адам қаза тапты

None
МАНИЛА. СИНЬХУА - ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Филиппиннің қауіп-қатердің алдын алу және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңесі елдің көптеген аудандарында бірнеше күн бойы нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны болғанын хабарлады.

Нәтижесінде 25 адам қайтыс болды, тағы 26 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппиннің 9 ауданында 390 мың адам зардап шекті. Үйлер, жолдар мен көпірлер зақымдалған. Филиппиннің оңтүстік аудандарында қаза тапқандар саны 18 адамға жетті, Лусонның шығысындағы Бикол аймағында және Филиппиннің орталық аудандарында сәйкесінше бес және екі өлім тіркелді.

Филиппиннің ұлттық ауа райы қызметі суық және жылы ауаның қиылысуынан туындаған қатты жауын-шашын азайғанымен, 27 желтоқсанда кешке Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралынан шығысқа қарай 600 км жерде тіркелген төмен қысымды аймақ тропикалық төмен қысымға өтуі мүмкін екенін ескертті.


Фото: REUTERS/Philippine Coast Guard


Соңғы жаңалықтар