Филиппинде коронавирустан 33 адам қайтыс болды

None
МАНИЛА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Филиппинде 1,5 адам коронавирус жұқтырып, 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CN-ге сілтеме жасап.

Ел билігі COVID-19 жұқтырудың жағдайлары көбейгенін, мұнда жалпы алғанда ауруға шалдыққандардың саны 3 943 153 адамға жеткенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткендей, дәрігерлердің бақылауында тұрған науқастардың саны 27 553 адамға жеткен. Оның 33-і ауруы асқынып, көз жұмған. Елде коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 62 882 адамға жеткен.

13 миллионнан астам халқы бар ел астанасы Манилада коронавирус жұқтырудың 671 жаңа жағдайы тіркелген.

Филиппинде осы жылдың 15 қаңтарында 39 004 адам коронавирус жұқтырған болатын. Бұл – бір күнде тіркелген ең көп көрсеткіш. 110 миллионға жуық халқы бар елде 73 миллионнан астам адам толық вакциналанған.


Соңғы жаңалықтар