Филиппинде кеме апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты

None
Фото: Pixabay
МАНИЛА. СИНЬХУА - ҚазАқпарат – Маниладан шығысқа қарай Рисаль провинциясындағы көлде жолаушылар мінген кеме апатқа ұшырап, 21 адам мерт болды. Бұл туралы Филиппин жағалау күзетінің (ФЖК) ресми өкілі контр-адмирал Армандо Балило телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Бинангонан қаласынан 45 метр жерде жергілікті уақытпен күндізгі сағат бір шамасында болған апаттан 21 адам қаза тапты», - деді ол.

Әуелде ФЖК оқиға салдарынан 30 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын. Мәлім етілгендей, кеме Бинангонан қаласынан Филиппиндегі ең ірі Бай көлі арқылы Талим аралына бара жатқан.Мекеме дерегінше, су көлігі дауылды желге тап болып, жолаушылар үрейленіп кеткен. «Олар кеменің сол жақ бортына қашып, салдарынан кеме аударылған», - деп мәлім етті ФЖК-дан. Рисаль провинциясының полициясы 21 адам суға батып кеткенін, 40 адамды аман алып қалғандарын растады. Апат Филиппиннен «Доксури» тайфунының беті қайтқан кезде болып отыр. Тайфун салдарынан су тасып, көшкін жүрді және бес адам қаза тапқан еді. Еске салайық, Қытай «Доксури» жойқынды тайфунының келуіне дайындық жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар