Филиппин жағалауында жүк кемесі өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Филиппин жағалауында жүк кемесі отқа оранып, салдарынан төрт экипаж мүшесі зардап шекті, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Филлипин жағалау күзеті сенді күні өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламада көрсетілгендей, өрт айлаққа байлаулы тұрған кемеге жанармай толтыру кезінде болған жарылыстың салдарынан болған.

Сонымен қатар көрші кеменің екі экипаж мүшесі жарақат алған.

Өрт салдарынан жақын маңдағы 40-қа жуық үй зардап шеккен, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауда.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда.



Соңғы жаңалықтар