+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Филиппин Президенті адам өлтіргенін мойындады

2016 жылғы 14 желтоқсан 16:02
Бөлісіңіз:
Филиппин Президенті адам өлтіргенін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин Президенті Родриго Дутерте Давао қаласының мэрі болған уақытта күдікті қылмыскерлерді өзі өлтіргенін мәлім етті. Ол осылайша полицейлерге қалай жұмыс жасау керектігін көрсеткісі келген, деп хабарлайды Agence France Presse агентігі.

Агенттік осы мәлімдемені Дутертенің 12 желтоқсан, дүйсенбі күні бизнесмендердің алдында сөйлеген сөзінде айтқанын атап өткен. Президент өзінің есірткі бизнесін жою науқаны туралы әңгімелеген. Ол мемлекет басшысы ретінде 30 маусым күні тағайындалғалы бері полицейлер мен жасақшылар мыңдаған адам өлтірген деп айтылуда. Дутерте қала басшысы болып тұрған кезінде есірткі сатушылардың көзін жоюға қатысқанын атап өтті. «Даваода мен мұны өзім жасайтынмын. Тек жігіттерге (полицейлер) мен мұны жасағанда, олардың да қолдарынан келетіндігін көрсеткім келді», - деді ол.

Бұдан бұрын құқық қорғаушылар Дутертені Даваодағы эскадрондар, мыңдаған күдіктілердің өлімін ұйымдастырды деп айыптаған еді. Ал ел президенті болса бірде мойындап, бірде теріске шығарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT