Фиктивті баға, диплом сатып алу: Түркістандық волонтерлер жемқорлықпен қалай күресіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде Түркістан облысындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқан 185-тен астам волонтер бар. Олар тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған 10-нан астам жобаны іске асыруда. Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында көп іс-шара атқарылуда. Мен өзім осы облыстағы «Адалдық алаңының» жетекшісімін. Биыл маусым айында Түркістан облысының барлық қала, аудандарында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері ашылып, жетекшілері қала, аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері ретінде тағайындалды. Бүгінде Түркістан облысындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқан 185-тен астам волонтер бар. Олар тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған 13-тен астам жобаны іске асыруда. Түркістан облысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстағы 16 қала, аудан аумағында 79 баннер орнатылды», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, Түркістан облысында 900-ден астам мектеп бар.

«Түркістан облысында 465 мыңнан астам оқушы бар. 100 мыңға жуық мектеп, колледждер жанында қызметкерлер жұмыс істейді. Өңірдегі 6 колледжде студенттерге фиктивті баға қоюға және олардың білім туралы құжатты сатып алуларына мүмкіндік бермес үшін колледждерде педагог, ата-аналар комитетінің мүшелері, белсенді студенттерден құралған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылды.

Сондай-ақ, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар өтуде. Жыл басынан бері Jastar.kz жобасы аясында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында студенттердің қатысуымен акциялар ұйымдастырылуда. Колледждерде «Парасыз сессия» акциялары мен «Жемқорлыққа жол жоқ» және тағы да басқа тақырыпта семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар