ФИФА ұйымдағы жемқорлық үшін 92 млн доллар өтемақы алады
2022 жылғы 3 шілде 04:20

ФИФА ұйымдағы жемқорлық үшін 92 млн доллар өтемақы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы ФИФА шенеуніктері қатысқан футболдағы жаһандық сыбайлас жемқорлық схемалары салдарынан келтірілген шығын үшін 92 миллион доллар өтемақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл АҚШ Әділет министрлігінің ФИФА-ға төлеген алғашқы төлемі емес. 2021 жылдың тамызында ФИФА ведомстводан 201 миллион доллар алды. Бұл ақша сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Федерацияның бұрынғы шенеуніктерінің банк шоттарынан алынды.
«92 миллион доллар шығынды бөлу осы әрекеттегі маңызды құрал ретінде активтерді тәркілеудің маңыздылығын көрсетеді», - делінген Әділет министрлігінің мәлімдемесінде.
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT