ФИФА рейтингі: Намибия мен Зимбабве Қазақстанның алдына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА қыркүйектегі халықаралық матчтардың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Грузия мен Андоррадан ұтылып қалған Қазақстан құрамасы өткен рейтингпен салыстырғанда екі орынға төмен түсіп, 118-орынға жайғасты. Қазақстанның алдына Намибия мен Зимбабве шықты.

Үздік ондықтағы өзгерістер: бельгиялықтар француздарды қуып жетіп, енді ФИФА рейтингінде бірден 2 команда көш бастап тұр. Алғашқы үштікті Бразилия құрамасы тұйықтаған.

20 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:

1 (2). Бельгия - 1729 ұпай

1 (1). Франция- 1729 
3 (3). Бразилия - 1663 
4 (4). Хорватия - 1634
5 (5). Уругвай - 1632
6 (6). Англия - 1612 
7 (7). Португалия - 1606
8 (8). Швейцария - 1598 
9 (9). Испания - 1597 
10 (11). Дания - 1581 

Фото: КФФ

Соңғы жаңалықтар