ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

None
Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми сапары барысында Халықаралық футбол федерациясы басшысының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, Инфантино Қазақстан футбол федерациясы манежінде оқушылар арасында өтетін Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселені талқылайды.

Айта кетейік, бұл – Джанни Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.



Соңғы жаңалықтар