FIFA Қазақстанның футбол федерациясына 1,5 млн доллар көлемінде көмек береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық федерацияларға коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд АҚШ долларынан береді. Бұл жөнінде ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы бағдарлама аясында FIFA-ға мүше барлық қауымдастыққа, оның ішінде Қазақстанның футбол федерациясына да көмек көрсетіледі.

Ұйымға кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысы 1 млн доллар көлемінде бірегей грант алады, сонымен қатар әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллардан қарастырылған. Ал алты конфедерация 2 млн доллардың грантына ие болады.

Одан бөлек, әрбір халықаралық қауымдастық 500 мыңнан бастап 5 млн долларға дейінгі несиеге өтінім бере алады. Тек оның сомасы қауымдастықтың жылдық табысының 35 пайызынан аспауы керек.

Конфедерацияларға да 4 млн доллар көлемінде кредит ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар