ФИФА Израильді халықаралық жарыстардан шеттету мәселесін қарастырмақ

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер Палестина футбол қауымдастығының басшысы Джибриль Раджубпен кездесіп, соның барысында Израильға наразылықтарды қарастырады, деп хабарлайды France-Presse.

Палестиналықтар Израиль футбол қауымдастығын халықаралық жарыстардан шеттетуді талап етіп, оны олардың «арабтарға қатысты нәсілшіл әрекеттерімен» түсіндіреді.

Хабарланғандай, Раджуб пен Блаттер Израильді жарысқа қатысу құқығынан айыру мәселесін талқылаған және сол кезде ФИФА президенті федерацияның ішінде болуы мүмкін резолюцияны талқылау жүргізіліп отырғанына сендірді. Соңғы шешім ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін ФИФА конгресінде шығарылады.

Израиль футбол қауымдастығын жарысқа қатысу құқығынан айыру үшін конгрестің 209 мүшесінің 156-сының қолдауын алу жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар