ФИФА басшысы Индонезиядағы оқиға туралы: Футболға қатысы бар әрбір адам үшін қайғылы күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Маланг қаласындағы стадионда болған оқиға салдарынан 174 адам қаза болып, 300-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жеңілген команданың жанкүйерлері ойыншыларға бөтелкелер лақтырған, одан кейін алаңға қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары жиналған жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған, бұл жағдайды одан әрмен ушықтырды. Адамдар тұншығудан және бас жарақаттарынан көз жұмды

ФИФА басшысы Джанни Инфантино Маланг қаласындағы жанжалды «футболға қатысы бар әрбір адам үшін қара күн» деп атады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қайғылы оқиға Индонезияның Маланг қаласындағы стадиондағы ойын кезінде болды. Футбол матчында болған қақтығыс салдарынан кем дегенде 174 адам қаза тапты.


Фото: AP Photo/Dita Alangkara





Соңғы жаңалықтар