ФИФА ӘЧ-2018-дің символикалық құрамасын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА Әлем чемпионаты -2018-дің символикалық құрамасына кірген футболшыларды атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Оған Франция құрамасының 4 футболшысы, Хорватияның, Бразилияның және Англияның  екі-екіден ойыншысы, сондай-ақ бір бельгиялық кірген.

Қақпашы: Уго Льорис (Франция)

 Қорғаушылар: Киран Триппьер (Англия), Рафаэль Варан (Франция), Деян Ловрен (Хорватия), Эшли Янг (Англия)

 Жартылай қорғаушылар: Паулиньо (Бразилия), Лука Модрич (Хорватия), Эден Азар (Бельгия), Антуан Гризманн (Франция), Неймар (Бразилия)

 Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (Франция)

Еске сала кетсек, Франция құрамасы финалдық матчта хорваттарды  4:2 есебімен жеңіп, тарихта екінші рет әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар