«FIFA-2018» матчтарына баратын қазақстандықтарға медициналық сақтандыру қажет

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресейдегі елшілігі футболдан Әлем чемпионаты өтетін кезде Ресейге баратын Қазақстан азаматтарына халықаралық үлгідегі медициналық сақтандыру алуға кеңес береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«25 мамырдан 25 шілдеге дейінгі аралықта футболдан Әлем чемпионаты өтуіне байланысты, шетелдік азаматтардың Ресей Федерациясында тіркелу ережесі өзгертілді. Өзгерістер тек матчтар өтетін: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында жүреді. Сондықтан осы кезеңде Ресейге баратын барлық қазақстандықтар аталған қалаларға келгеннен соң үш күн ішінде РФ ІІМ аумақтық органдарына немесе Мемлекеттік және муниципиалдық қызметтердің көпфункциялы орталықтарына жүгінуі тиіс», - дейді Елшіліктің баспасөз хатшысы Ж. Колбачаева.
null

РФ ІІМ аумақтық органдары мен Көпфункциялы орталықтар бұл кезеңде күшейтілген режімде жұмыс істейді. Тіркеу мерзімі чемпионат матчтары өтетін қалаға келген күннен бастап есептеледі.

Елшілік баспасөз хатшысының айтуынша, чемпионат матчтары өтетін әрбір қаланың өзіне тән әкімшілік-құқықтық ерекшеліктері болуы мүмкін.

«Мәселен, Санкт-Петербург әкімшілігі Чемпионат өтетін кезде қалаға автомобильдердің келуін шектеу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, қазақстандықтарға Санкт-Петербургке жеке көлігімен бармауға кеңес береміз», - дейді Ж. Колбачаева.
null

РФ аумағына кірген Қазақстан азаматтары төлқұжат бақылауынан өтерде міндетті түрде көші-қон картасын алуы тиіс.

Өзі барған қалаға тіркелу үшін тұлғасын куәландыратын құжатты (куәлік немесе төлқұжат), көші-қон картасын, шетел азаматының келуі туралы қағазды толтыру және өтініш жазып тапсыру қажет.

Қонақүйлерде, шипажайларда, демалыс үйлері немесе басқа да уақытша орналасу орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.

«Сонымен қатар, Чемпионат кезінде Ресейге баратын Қазақстан азаматтарына өз қауіпсіздігін сақтау мақсатында халықаралық үлгідегі медициналық сақтандыру ресімдеп алуға кеңес береміз», - деді ол.

Консулдық округтерге сәйкес, РФ аумағындағы ҚР азаматтары жүгінуіне болатын консулдықтар тізімін мына жерден көруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар