Фидель Кастроның мәйіті кремацияланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рауль Кастро өзінің ағасы, Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның сенбі күні кремацияланатынын хабарлады, деп жазды Франс Пресс агенттігі.


Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро жұма күні 90 жасында жергілікті уақытпен 22:29-да дүниеден озды. Бұл туралы Рауль Кастро мемлекеттік телеарна арқылы мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.  

Фидель Кастро - кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер. 1926 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30 жыл бойы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ф.Кастро Революциялық қарулы күштердің бас қолбасшысы және Ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы  қызметін атқарған. Ол 2006 жылы 31 шілдеде денсаулығының сыр беруіне байланысты өз міндетін - Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы қызметін інісі Рауль Кастроға тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар