Фидель Кастро денесінің күлі соңғы аза күнінде жерленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба төкерісінің көсемі Фидель Кастроның қайтыс болуына орай аза тұту күні тоғыз күнге созылып 4 желтоқсанда жерлеу рәсімімен аяқталады. Бұл туралы Куба Республикасы үкіметінің сайтында хабарланды.

Үш күн ішінде Кастроның денесі Гавандағы Хосе Марти кесенесіне марқұммен қоштасуға келетіндерге қойылады. Содан кейін 28 - 29 қарашада елдің барлық жерінде тұрғындар төңкеріс көшбасшысына құрмет білдіріп, кубалық револьюция ұстанымдарынан жаңылмау жөніндегі антқа қол қояды.

30 қарашада Фидель Кастро денесінің күлі салынған құмыра төңкерісшілер жүріп өткен жолмен шеруге тартады. Ол шеру Сантьяго-де-Куба қаласынан басталады.

Сапар аяқталған соң 4 желтоқсанда күл салынған ыдыс Сантьяго-де-Куба қаласындағы  Санта-Ифихения зиратына жерленеді.

Еске сала кетсек, Фидель Алехандро Кастро Рус  Фидель Кастро жұма күні 90 жасында жергілікті уақытпен 22:29-да дүниеден озды. Бұл туралы оның інісі  Рауль Кастро мемлекеттік телеарна арқылы мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар