ФИДЕ Гран-приінің 8-туры: Әбдімәлік пен Асаубаеваның нәтижесі қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі сегізінші турында қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада өтіп жатқан жарыста Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чжунъиге есе жіберді.

Ал Жансая Әбдімәлік үндістандық Рамешбабу Вайшалимен тең ойнады.

Бүгінге дейінгі нәтиже бойынша Бибісара мен Жансая бірдей көрсеткішке ие. Екеуінің де еншісінде 1 жеңіс, 5 тең ойын және 2 жеңіліс бар.

Жанса тең ойыннан кейін сегізінші орыннан жетіншіге көтерілді. Ал Бибісара жетіншіден оныншы орынға сырғыды.

Енді Бибісара 27 қыркүйекте германиялық Динара Вагнермен шеберлік байқасса, Жансая ресейлік Александра Горячкинамен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық қос шахматшының жетінші турдағы ойын нәтижесін хабарлаған едік.


Фото: fide.com



Соңғы жаңалықтар