Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

2018 жылғы 12 шілде 17:04 67
Бөлісіңіз:
Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа хабар таратушылар одағының Шығыс Еуропа елдерімен қарым-қатынас бөлімінің жетекшісі Радка Бетчева фейк жаңалықтардың таралуы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Даниал Ахметов ШҚО көше атауларын өзгерту жайлы: Мәселе ұлтта емес, елдің саясатында Қазақстан әйелдерінің бизнестегі белсенділігі артты - ҚР Мемлекеттік хатшысы

Оның айтуынша, фейк жаңалықтар тұтас журналистикаға деген сенімді азайтты.

«Жалған хабарларға мән бермей-ақ қоюға болар еді, бірақ оның салдары өте күрделі. Мұндай күмәнді жаңалықтар дау-дамайдың туындауына әкеп соғады. Біздің құндылықтар мен демократияға селкеу түсіреді. Ал халық кімге сенерін білмейді. Дезинформация қоғамның негізгі қағидаларын бұзады, ал дәстүрлі журналистика қашанда қоғамның бет-бейнесі болып саналатын», - деді Радка Бетчева Астанада өтіп жатқан «Медиа-2020» форумында.

Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

Сарапшының айтуынша, жалған ақпараттың таралуын көрген кей қолданушылар күліп қоя салуы мүмкін. Ал кейбірі жалған хабар арқылы әлеуметтік желіде оңай ақша тауып қалуды көздейді. Сондықтан да, ақпараттың қайдан алынғанына ерекше мән берген жөн.

Еске сала кетсек, елорданың 20 жылдық мерейтойы құрметіне Астанада «Азия медиа диалогы» жобасы аясында семинарлар мен конференциялар өтіп жатыр. Әлемнің 40 елінен 150-ден астам делегат келді. Форум бағдарламасы үш ірі шарадан құралған: «Азия елдеріндегі радио», «Азия ән фестивалі» және «Медиа 2020» форумы. Форум сессияларының бірі фейк-жаңалықтарға арналды.

Сондай-ақ, кездесу аясында жалған ақпараттармен күресу үшін Орталық Азия БАҚ-тарының одағын құру ұсынылды.


Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Әлем, Қоғам, Астана,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT