Фейк: «Вакцинамен бірге иммунитет тапшылығы егіледі»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде COVID-19-ға қарсы вакцина түрінде адамдарға «иммун тапшылығы егіледі» деген сыбыс тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Telegram-да таратылған хабарламада COVID-19-ға қарсы вакциналар цитокиндік дауыл тудырып, иммунитетті әлсірететіні сонша, тіпті жай суық тиюдің өзі өлімге әкелуі ықтимал болатыны айтылған. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Цитокиндік дауыл – бұл ағзадағы қабыну реакциясы, ол кезде қандағы цитокиндер деңгейі күрт артады, бұл иммунитеттің өз ағзасының жасушалары мен тіндеріне шабуыл жасауына әкеледі. Мұның салдарынан тіндер мен мүшелердің бұзылуы, нәтижесінде ағзаның өлуі орын алуы мүмкін.
Цитокиндік дауыл вакциналанбаған пациенттер арасында COVID-19 ауыр жағдайларында жиі кездеседі.
Бұл ауруға қарсы вакцина осы сияқты қабыну реакциясын тудыруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Керісінше, қол жетімді деректер вакциналанған адамдар саны көп елдерде аурудың ауыр жағдайларының күрт төмендегенін дәлелдеп отыр. Сондықтан цитокиндік дауылдың пайда болу қаупі азаяды, өйткені аурудың ауыр түрімен ауыратындар аз.
Вакцина алған адамдардың иммунитеті әлсіреп, тіпті жеңіл маусымдық инфекциялармен күресуді тоқтататынына ешқандай дәлел жоқ. Биыл күзде егілген адамдар жаппай өле бастайды деген дақпырт бұрыннан бар және Қазнетте талқыланған.

Ол ішінара пандемиялық тұмауды модельдеудің ғылыми тобы (SPI-M) жасаған пандемияның даму моделіне негізделген. Мамандар оны құрай отырып, шектеу шаралары мен оларды жоюдың пандемия кезіндегі әсерін түсінуге тырысты. Сценарийлердің бірі, егер карантиндік шаралар алынып тасталса, биыл күзде аурушаңдық артатынын көрсетті. Бұл модельде халық арасында вакцинация көрсеткіштері ескерілді. Алайда, кейбір Желі пайдаланушылары модельді дәл болжамдар деп қабылдады. Бұл туралы толығырақ жазған болатынбыз.

Демек, егілген адамдар күзде маусымдық инфекциялардан өле бастайды деген теория ойдан шығарылған. Ол манипуляциялық хабарламалар мен қастандық теорияларына негізделген. Бүгінгі таңда қолда бар деректер вакцинация деңгейі жоғары елдерде COVID-19 ауыр жағдайларының саны күрт төмендегенін дәлелдейді. Вакцинаның иммунитетті басып, цитокиндік дауыл тудыратынына ешқандай дәлел жоқ.


Соңғы жаңалықтар