Фейк: «Баланы мектепке жібере отырып, ата-аналар оны COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға рұқсат береді»
2021 жылғы 2 желтоқсан 14:07

Фейк: «Баланы мектепке жібере отырып, ата-аналар оны COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға рұқсат береді»

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазнет пайдаланушылары әртүрлі елдерде қолданылатын медициналық процедураларды жүргізуге келісім беру тетіктері сипатталған ДДСҰ-ның ескі құжатын тағы да таратуда. Онда вакцинацияға қарсы адамдардың айтуынша, вакцинация күні баланың мектепте болуы процедураны өткізуге келісім ретінде қарастырылады, деп хабарлайды stopfake.kz.

Құжат 2014 жылы шыққан және COVID-19 қарсы вакцинациялауға ешқандай қатысы жоқ. Онда медициналық процедураларды жүргізуге берілетін келісімнің түрлері көрсетілген, мысалы, жазбаша, ауызша және ұйғарынды.

Желі қолданушыларын көбіне құжаттың ұйғарынды келісім тармағы алаңдатып отыр. Қазақстандықтардың пікірінше, баланың мектепте болуының өзі осындай келісім ретінде саналуы ықтимал. Бұл олай емес. Біріншіден, көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда балаларды вакцинациялау оның ата-анасының жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Екіншіден, кейбір мемлекеттерде ұйғарынды келісім ата-аналар мектепте вакцинациялау жүргізілетіні туралы, оны өткізу күндері, салдары мен басқа да нюанстары туралы толық хабардар болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Демек, Қазақстанда вакцинация күні балалардың мектептерде болуы олардың ата-аналарының процедураны өткізуге берген келісімі ретінде қарастырылмайды. Елімізде ата-аналардың жазбаша келісімінсіз балаларды вакцинациялау заңсыз болып табылады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT