Фейк: 28 шілде- 4 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19 індеті өршиді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сілтеме жасап.

«WhatsApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні» туралы хабарлама таратылып жатыр. Бұл – жалған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ», - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгінгі таңда елімізде КВИ жұқтырған 549 628 науқас анықталды. Оның ішінде 6 925-сі 27 шілдеде тіркелген.


Соңғы жаңалықтар