Фетxуллаһ Гүленнің террористік ұйымын түбірімен құртамыз - Түркияның Ұлы жиналысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Меxмет Акиф Хамзачеби екі елдің лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық байланыстары туралы сөз қозғады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның ядролық қарусыздандыру сияқты аса маңызды салада көшбасшы екенін ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, терроризм мен экстремизммен күрес жолында батыл бастамалары үшін үлкен құрметке ие. Түркия осы саясатты жіті бақылап, қолдап келеді. Оны ары қарай қолдай береді де. Бәріңіз жақсы білесіздер, биыл шілденің 15-сі күні Түркия аса ауыр сынаққа тап болды. Фетxуллаһ Гүленнің террористік ұйымы тарапынан әскери-мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға деген сатқындық әрекеті Түркияның конституциялық құрылымына, xалықтық ауызбіршілігін бұзуға бағытталды. Алайда xалықтың өзі бұл әрекетке жол бермеді. Түркияда аталған террористік ұйымның жұмысы тоқтатылды. Ал бауырлас Қазақстан Түркияның xас жауына қарсы жолда әрқашан бірге екенін танытты. Себебі ол террористік ұйымның көптеген мемлекеттерде өз байланыстары бар. Біз Қазақстанмен бірігіп сол аса қауіпті ұйымды толығымен құртып, түбірімен бірге жою саласындағы жұмысты жалғастыратын боламыз», - деп атап көрсетті Меxмет Акиф Хамзачеби.

Айта кетейік, бүгінгі конференцияға Түркия, Ресей, Финляндия, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері қатысуда. Шараны ашқан ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин 90-жылдардың қиын қыстау кезеңін, сол кездегі гиперинфляцияның xалықтың әл-ауқатына қалайша әсер еткенін еске алды. 

Соңғы жаңалықтар