+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Фермерлер өнімдерін қандай жағдайда сақтандыра алады

2021 жылғы 2 мамыр 20:43
Бөлісіңіз:
Фермерлер өнімдерін қандай жағдайда сақтандыра алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жекелеген өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдары мен ірі қараны ерікті агросақтандыру механизмі жұмыс істейді. Айта кету керек, сақтандыру сыйақылары субсидияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап агроөнеркәсіп кешенінде жаңа сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгенін еске салды:

- сақтандырудың ерікті сипаты: бұрынғы міндетті сақтандыру болмайды. Енді жауапкершілік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздеріне жүктеледі;

- сақтандырудың мемлекеттік қолдау формасын өзгерту: бұрын сақтандыру төлемдері субсидияланған, енді сақтандыру сыйақылары субсидияланады;

- шарт жасасудан төлемдерге дейінгі барлық процесс автоматтандырылған және электрондық платформада жүргізіледі. Бұл – адами факторды болдырмайды әрі процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру операторы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ.

Бүгінгі күні сақтандыру сыйақыларын, сондай-ақ мал шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы (құрғақшылықтан және артық ылғалдың салдарынан) саласындағы сақтандыру өнімдерін субсидиялау қағидалары бекітілді.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының аумағындағы дәнді (бидай, сұлы, арпа) және майлы дақылдарды (күнбағыс, зығыр, рапс, жүгері) сақтандыруға болады.

Мал шаруашылығында «ірі қараны сақтандыру» бекітілді. Оның бірқатар тәуекелі бар. Тәуекелдердің қатарына инфекциялық және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың қасақана жасайтын әрекеттері, қауіпті табиғи немесе стихиялық құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – найзағай түсу, жыртқыш аңның шабуылы, қауіпті жарақат және т.б. кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT