Фермерлер алдағы құрғақшылықтан шыға ала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылда құрғақшылық болады деген болжам бар. Себебі биыл жер ерте қатып, қар кеш түсті. Соның салдарынан жердің ылғалдылығы төмен болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан фермерлері одағының президенті Әуезxан Дарыновтың айтуынша, ондайда биліктен көмек сұрауға тура келеді. "Әрине,бізде талай құрғақшылықтар болды, талайынан аман-есен шықтық. Биыл да дайындаламыз. Бірақ "жаман айтпай, жақсы жоқ" дейді, егер қатты құрғақшылық болса, үкіметке арызданатын боламыз", - деді Ә.Дарынов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Дегенмен, ұйым басшысы қатты құрғақшылықтан да өз күшімен шығуға болатынын жеткізді. Осы орайда ол өз шаруа қожалығын мысалға келтірді. "Менің өз шаруа қожалығым бар. Құрғақшылық кезінде талай фермерлерге сақтандыру да, көмек де берілді. Мен болсам, бір тиын алған жоқпын. "Дарин" шаруа қожалығын алып көрсеңіздер де болады. Ақшаны неге алмадым? Себебі уақытында жақсы тұқым септім. Міне, қазір ел қарды ұстай алмай жатса, біз қарды ұстап отырмыз. Соның арқасында ертең қандай құрғақшылық болса да, менде, кем дегенде, 4-5 центнер шығады. Ол дегенің қарыздан құтыламын, сосын келесі жылға дайындаламын. Енді, шамалы шығын болуы мүмкін. Дегенмен, сондай дайындыққа тырысу қажет", - деп атап көрсетті Ә.Дарынов.

Соңғы жаңалықтар