Фермелердің тұқым алуға жұмсаған шығыстары өтеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет фермерлердің тұқымға жұмсаған шығыстарын 100 пайыз өтейді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ө. Шөкеев 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу тақырыбында баяндама жасады. Осы орайда бірнеше салалық бағдарламалар қамтылмақ.  

Өсімдік шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған ол, «факторларды талдай келе, негізді проблемалар анықталды. Осы орайда сапалы тұқымның жетіспеушігі, жаңа әрі тиімді техниканың тапшылығы, тығайтқыштардың қымбатшылығы бар. Бұл факторларды еске отырып, жүйелі іс-шаралар көзделеді»,- деді.

Өмірзақ Шөкеевтің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні көптеген шаруалар қаражат жоқтығынан тұқым сатып алмайды және сапасы төмен, өз тұқымын пайдаланады.

«Осыған байланысты, биыл тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізіледі, ол фермерлердің белгіленген нормалар бойынша тұқым сатып алуға жұмсаған шығыстарын 100 пайызын өтеуді көздейді», - деп атап өтті министр.

Бұл ретте, мемлекет фермерлерге сатылған элиталық және 1 репродукциялы тұқымның құнын тұқым өсіру шаруашылықтарына толық төлеп береді. Сондықтан субсидия алу үшін бірнеше құжат жинаудың қажеті болмайды. Ал дихан өнімін жинап болған соң алынған субсидиялардың 30%-ын Тұқым шаруашылығын дамыту қорына («ҚазАгроКепіл» АҚ болуы мүмкін) қайтарады.

Қор қайтарылған қаражатты жинақтап, оларды тұқым өндірушілер үшін негізгі құралдарды (техника мен жабдық) сатып алуға және жаңартуға жұмсайтын болады.

Соңғы жаңалықтар