Ферит Парлак: Қазақстан көп елге үлгі болып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан астанасы Алатау бөктерінен Сарыарқа даласына ауысқанына тура 20 жыл толып отыр. Осы мәртебелі мерейтой қарсаңында ҚазАқпарат қазақтың бас шаһары жөніндегі елорда қонақтарының естеліктерін жариялауды жөн көріп отыр. Бүгін біз «Дүние» газетінің Анкарадағы өкілі Ферит Парлактың Астана туралы толғанысын оқырман назарына ұсынамыз.    

***

Ферит Парлак: Қазақстан көп елге үлгі болып отыр

 

Мұнай, газ, жерасты байлығы сынды табиғи ресурстар «қорына бай» елдердің басым бөлігінде «экономикалық жүйе шикізаттың бағасына» қарай қалыптасады.

Шикізат молшылығынан туындайтын жайбырақат өмірдің салдарынан қалыптасатын, тиімсіз экономикалық жүйе инвестициялық жағдайға да кері әсерін тигізеді. Түпкі нәтижесінде құны бірнеше есе қосылған тауарлар сырттан жеткізіледі және оған тәуелділік арта береді. Ал тауар мен шикі заттың бағасы төмендеген жағдайда сыртқы нарыққа тәуелді болып қалған елдер «өмірдің ащы шындығымен» арпалысып жатады.

***

Қазақстан шикізат байлығын құнды тауарларға айналдыру және «өндірістің» әралуандығын арттыру мақсатында батыл қадам жасаған республикалардың алдыңғы қатарында тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен көшбасшылығының арқасында атқарушы билік білім саласынан бастап заңдық жүйеге дейінгі, ауыл шаруашылығынан жерасты ресурстарына дейінгі әрбір салада «өндірістік мәдениетті» қалыптастыру мақсатында нақты жұмыстар атқарып, көптеген елдерге үлгіболуда...

Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан - мен сияқты экономика саласын зерттеп жүрген журналистердің міндетті түрде зерттеу объектісіне кіретін аймақтардың бірі...

***

Қазақстанның мүмкіндіктері орасан.  Мәселен, уран өндірісінен алдыңғы қатарда. Құнарлы жер көлемінен әлемнің тоғызыншы елі. Миллиардтаған халқы бар нарыққа еркін шыға алатындай стратегиялық аймақта орналасқан. Әлемдік мұнай қорының 2 пайызына, газ қорының 1 пайызына иелік етеді. Бұл көрсеткіштер Қазақстанды әлемнің ең озық, экономикасы дамыған 30 елінің қатарына сөзсіз жеткізеді.

***

Қазақстанның бұдан бөлек, «шикізатқа бай» кейбір елдерге қарағанда бір артықшылығы бар: Ол - осы әлеуетті құны артқан тауарларды өндірісінде пайдаланып, әл-ауқаты едәуір жоғары Қазақстан мемлекетін қалыптастыра алатындығын ұғынған басшылық пен билікке ие болуы.

***

Қазақстанның жерасты ресурстарын пайдаланып, ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыра бастағанынан да   хабардармыз. Айқындалған 650 инвестициялық жобаға шетелдіктердің қызығушылығы артып отыр. Жүзден астам «жерасты аймағының» жаңа инвесторлары экономикаға жаңа серпін тигізетіндігі анық. Осы тұста түрік инвесторларының да осы жобаларға қатысуы үшін тиісті жұмыс атқарып отырмыз.

Сәтті істеріне куә болып отырған Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлымен және әріптестерімен бірге жиі-жиі басқосамыз. А.Сапарбекұлының сұхбат барысында көтерген ой-пікірін түрік іскерлеріне айнытпай жеткіземіз және Қазақстан экономикасына күн өткен сайын қызығушылық артып отырғандығына куәміз. Басқа елдермен де дәл осындай жұмыс атқарылып отырғандығын білеміз.

Бұл қадамдарды Түркия көзқарасымен бағамдайтын болсақ, Түрік елі мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынаста сауда айналымы соңғы 4 жылда төмендегенімен, 10 жылдың ішінде рекордтық көрсеткішке көтерілді.

2000 жылдардың басында 464 млн доллар көлемінде болған сауда айналымы 2012 жылы шамамен он есе артып, 4,4 млрдқа өсті.

Ел экономикасының дамуы үшін жасалған осындай қадамдар және екі ел көшбасшыларының жақын қарым-қатынасы сыртқы сауданы 10 млрд АҚШ долларына жеткізетіндігіне, жаңа биік мақсаттардың айқындалатындығына сенім артамыз.

Ферит ПАРЛАК

«Дүние» газетінің Анкарадағы өкілі

***

Мақала Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен дайындалды

Соңғы жаңалықтар