«Фенербахче» клубы жанынан Қазақстан футбол академиясын ашу жобасы талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 5 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Ыстамбұлдағы «Abai Üiі» мәдени іскерлік үйінің жетекшісі Динчтурк Серкан мен Түркияның Fenerbahce клубы жанындағы Қазақстан футбол академиясының бас үйлестірушісі Вургун Селим «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдерімен кездесті.

Тараптар Fenerbahce спорт клубы жанынан Қазақстан футбол академиясын ашу жобасын талқылап,бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады.

Футбол академиясының өкілдері аталған жобаның басты мақсаты – Қазақстанның талантты жастарының кәсіби шеберлігін арттырып, әлемдік футбол командаларына тарту. Дарынды жастарды Еуропа мемлекеттері мен Түркияға шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан балалары Түркияның жазғы спорт лагерлеріне барып, ұмытылмас әсер ала алады. Сапар барысында спорттық жаттығуларға, футболшылармен танысуға және Fenerbahce стадионында өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік жасалады. Жас спортшылардың жаттығу сабақтары ағылшын тілінде жүргізілетін болады.

Түркияның танымал футболшысы Месут Озилдің қолтаңбасы қойылған клуб жейдесі «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына» сыйға тартылды.



Соңғы жаңалықтар