Федерация кубогы: Ұлыбритания - Қазақстан матчы қай аренада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның теннис құрамасы 26 жылдан бері алғаш рет Федерация кубогының екінші Әлемдік тобына шығуға таласып жатқан Қазақстанды қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матчтар сәуір айында Елизавета патшайымның атындағы Олимпиада паркінде орналасқан «Copper Box» спорт кешенінде болады. 20-21 сәуір күндері Қазақстанға қарсы Анна Китавонгтың командасы ойнайды.

Қазақстан құрамасының құрамы: Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Галина Воскобоева, Анна Данилина және Гюзаль Айнитдинова.

Қазақстан мен Ұлыбританиядан бөлек, осы кезеңде тағы үш матч болады. Олар:

Ресей - Италия

Голландия - Жапония

Словакия - Бразилия.

Соңғы жаңалықтар