Федерация кубогы: Лондондағы Ұлыбритания - Қазақстан матчында корт иелері алға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондонда Федерация кубогы ІІ Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Ұлыбритания мен Қазақстан матчын Зарина Дияс бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 107-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 46-ракеткасы Йоханна Контамен күш сынасты.
Кездесуді сәтті бастаған З.Дияс бірінші партияны 6:4 есебімен ұтты.
Екінші сетте қарсыласы 5:1 есебімен алға кетті. Қазақстандық теннисші есепті қысқартқанымен, Конта күш бермеді - 6:3.
Үшінші, шешуші партияда бірінші геймде Зарина брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне ұлыбританиялық теннисші қос бірдей брейк жасады - 4:1. Бұдан кейін З.Дияс брейкпен есепті қысқартты - 2:4. Әйтсе де Конта тағы бір брейкке қол жеткізді - 5:2. Ақыры ол өзі доп бергенде, қателеспеді - 6:2.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 40 минутқа созылды.
Осылайша ұлыбританиялықтар 1:0 есебімен алға шықты.
Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 86-орындағы Кэйти Бултермен кортқа шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың ел намысын қорғауды бақыт санайтынын және Ұлыбритания - Қазақстан матчын бастайтынын жазған болатынбыз.
Ал ерлер арасында Александр Бублик Мексикадағы турнирдің ширек финалына шыға алмай қалды.
Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та Ориндж-Парк ITF турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда болгариялық Адриан Андреевті 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты. Бұл матч 2 сағат 44 минутқа созылды.
Д.Попко финалға шығу үшін доминикандық Хосе Оливареспен таласады.
- Таразда Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай республикалық конференция өтті
- Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді
- Әнші және полицей: Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті
- Допты хоккей: «Ақжайық» «Маяк» командасынан ұтылып қалды
-
ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
-
«Әлем барысы» атанған Роман Бобиков Qazaq Kuresi ӘЧ-дағы жеңісіне сенімді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам