Федерация кубогы: Қазақстан Таиландты жұптық бәсекеде де ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық теннис орталығында Федерация кубогы үшін өтіп жатқан іріктеу кезеңінде Қазақстан таиландтықтарды жұптық бәсекеде де жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтар Галина Воскобоева мен Анна Данилина Пеангтарн Плипуек және Варунья Вонгтеанчаймен күш сынасты.
Биыл 35-ке толатын тәжірибелі теннисші Г.Воскобоеваның соңғы жылдары жұптық сынға ден қойып жүргені белгілі. Оның өзінен 11 жас кіші А.Данилинамен жұп құрып, Федерация кубогы жолындағы сайыстарға қатысуы Ю.Путинцева мен З.Диясқа түсетін жүкті азайтатыны түсінікті.
Қазақстандық жұп бірінші партияда бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:3.
Екінші партияны А.Данилина мен Г.Воскобоева брейкпен бастады - 2:0. Бұл жолы да 6:3 есебімен қазақстандық жұп жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.
Осылайша қазақстандықтар «А» тобында Таиланд құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін сондай-ақ «В» тобында Қытай құрамасы Океаниядан басым түссе, Корея Индонезияны ұтты.
7 ақпан күні Қытай - Корея, Үндістан - Таиланд, Индонезия - Океания құрамалары өзара сынға түседі. 8 ақпанда Қазақстан - Үндістан, Қытай - Индонезия, Корея - Океания кездеседі. Содан кейін «А» және «В» тобында жеңімпаз атанғандар 9 ақпан күні финалда екінші Әлемдік топтың плей-офф кезеңіне берілетін жолдаманы сарапқа салады.
2018 жылы Үндістанда өткен осындай жарыста қазақстандықтар финалда Жапонияға жол берген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Қазақстанды алға шығарып, Юлия Путинцеваның есепті еселегенін жазған болатынбыз.
- Forte Challenger турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
- Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста үшінші мәрте жеңіске жетті
- Теннис: Ярослава Шведова Доха турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
- Хоккей: «Барыстың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды
-
Футбол: «Қайсар» құрамына жаңадан ойыншылар қосылды
-
Хоккей: «Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам