Федерация кубогы: Қазақстан - Қытай матчында есеп теңесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Федерация кубогы үшін іріктеу кезеңінің финалында Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуаймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 40-сатыда тұрған Чжан Шуай биыл отызға толса, Юлия Путинцева 24-те. Екеуінің тәжірибесі жетерлік, талайды көрген теннисшілер.

Бірінші партияны қазақстандық теннисші бірден брейкпен бастап, өз геймін де алды – 2:0. Бұдан кейін қытайлық спортшы брейк жасап, таразы басын теңестірді – 2:2. Ю.Путинцева көңіл-күй ауанына беріліп, қателікке бой алдырды. Төрт геймді қатарынан ұтқан Ч.Шуай есепті 4:2-ге жеткізді. Тек содан соң ғана Юлия есепті қысқартқанымен, өзі доп бергенде, есе жіберіп қойды – 3:5. Сөйтіп бұл сетте қытайлық спортшы 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші партияны Путинцева брейкпен бастап, 3:0 есебімен алға кетті. Есеп 1:4 болғанда, Шуай брейк жасағанымен, бұл сетті Путинцева жібермеді - 6:3.

Үшінші, шешуші сетте брейкпен Шуай алға кетті - 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші қайыра брейк жасап, сосын есепті теңестірді - 2:2. Жетінші геймде Юлия брейк жасап, алға шықты - 4:3. Қытайлық та қалыспады - 4:4. Ақыры ол 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан - Қытай матчында есеп теңесті - 1:1. Енді бар мәселе жұптық кездесуде шешіледі.

Еске сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Федерация кубогы үшін іріктеу кезеңінде Қазақстан – Үндістан матчын Зарина Дияс жеңіспен бастап, Юлия Путинцева жалғастырды. Сондай-ақ Галина Воскобоева мен Анна Данилина жұптық кездесуде ұтты, ал ерлер арасында Александр Бублик Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты. Бүгін Зарина Дияс қарсыласын тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар