Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кортрейкте 7-8 ақпан күндері өтетін Федерация кубогы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, алғашқы күні Зарина Дияс Элизе Мертенспен ойнайды.

З.Дияс әлемдік рейтингте 63-орында тұрса, Бельгияның бірінші ракеткасы Э.Мертенс 19-сатыда тұр.

Әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 115-орында тұрған Исалин Бонавантюрмен сынға түседі.

8 ақпанда қарсыластар алмасады.

Жұптық сында Ярослава Шведова мен Анна Данилина Кирстен Флипкенс пен Гретье Минненмен кортқа шығады.

Матч жеңімпазы Будапешт қаласында сәуір айында жаңа форматта өтетін финалдық сайысқа жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездесетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар