Фаст-фудтың зиянды әсері жылдар бойы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лейден (Нидерланды) университеті жүргізген зерттеу майлы, тәтті, тұзды тағамдарды жиі тұтынудың денсаулыққа келтіретін зиянды әсері тіпті адам сіңімді тағамдануға көшкеннің өзінде жылдар бойы жалғаса беретінін көрсетті.

Зиянды тағамдар ағзаның өмірлік маңызды функцияларын өзгертеді, деп жазады Kedem. Мысалы, тышқандарға жүргізілген тәжірибе жануарлардың ұзақ уақыт бойы фаст-фудпен қоректенуі тіпті одан кейін емделіп, сіңімді тағамға ауысқанына қарамастан, қан-тамыр, жүрек дерттерінің белгілері сақталған.

Ұзақ әсер иммунитетке әсер етеді, егер фаст-фудтан бас тартқаныңызбен жиі ауыратын болсаңыз таң қалмаңыз, өйткені оның әсері біршама уақытқа дейін сақталады.

Ғалымдар фаст-фудтан кейін денсаулықтың толық қалпына келуі үшін қанша уақыт дұрыс тамақтанбаса, емделу үшін де сонша уақыт қажет деген пікірде, әзірге бұл бағытта зерттеу әлі жүргізілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар