Фармация комитетінің экс-басшысы Лариса Пакты қамауға алу мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бұрынғы төрайымы Лариса Пакты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандандырылған ауданарлық тергеу соты күдікті Лариса Пакты үйқамақта ұстау мерзімін 3 қыркүйекке дейін ұзартты», -  деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық. қылмыстық іске қатысы бар Лариса Пак және өзге де азаматтарға тиісті өндірістік және дистрибьюторлық тәжірибе сертификаттарын заңсыз бергені  үшін 10-нан 12 мың долларға дейін пара алған деп күдік тағылды.

Өткен жылдың 30 қараша айында Л. Пакқа қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы үй қамақта ұстау түріне ауыстырылған еді.

Соңғы жаңалықтар