Фармацевтика саласын дамыту жол картасы әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фармацевтика саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дезинфекциялайтын құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісінің көлемін арттырды. Өсім 11 пайыз болды. Саланы дамыту мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп фармацевтика саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеп жатырмыз», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, фармацевтикалық өнеркәсіпте 4 айдың қорытындысында өндіріс көлемі 26 пайызға өскен.

«Бүгінгі таңда фармацевтика кәсіпорындарымыз ішкі нарықты коронавирустан емдеуге арналған дәрілік заттардың ұсынылған 44 атауының 22 түрін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын өндіріп жатыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар