Family Park тұрғын үй кешені жыл соңына дейін тұрақты электр көзіне қосылады - әкімдік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов Астанадағы Family Park тұрғын үй кешені жыл аяғына дейін тұрақты электр көзіне қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пригородный» ауданында Family Park дейтін тұрғын үй кешені бар. 2017 жылы берілуі керек еді. «Бизнес класс» санатындағы 4 қабатты үй болуы керек еді. Үстіне тағы 3 қабат қосып жіберген. Заңсыз болса да 2021жылы оған адамдар кіргізілген. Үлескерлер пәтер құжатын әлі алған жоқ, кіреберіс жолдары жасалмаған. Әкімдікке тұрғындардың шағымын айтып хат жазғанбыз, әлі жауап жоқ», - деді депутат.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұловтың айтуынша, сот аталған үйдегі қосымша үш қабаттың заңсыз салынғаны жөнінде шешім шығарған.

Бірақ заңсыз салынған қабаттарда да адамдар тұрып жатқандықтан, құжаттарын заңдастыру жолдары қарастырылып жатқан көрінеді.

«Бұл кешен бойынша құрылыс салушыға жан-жақты көмектесіп жатырмыз. Жалпы нысанның қаңқасы салынып бітті. Енді абаттандыру және тұрақты электрге жалғау мәселесі қалып отыр. Негізі құрылыс компаниясының ақшасы жоқ. Соңғы пәтерлерді сатып жатыр. Біз оған электрге жалғау мәселесін ақшасыз шешіп бердік. «G-Park» ақысыз көмек ұсынып отыр. Кәбіл тарту жұмыстарын жеке бақылауымда ұстап отырмын. Биыл бүкіл жұмысты барынша аяқтауды жоспарлап отырмыз. Электр мәселесін 100 пайыз соңына жеткіземіз. Қосымша үш қабат заңсыз екені туралы сот шешімі бар. Тұрғындардың құжатын сәулетке жауапты адамдармен бірге қарастырып жатырмыз, шешеміз», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар