Факторлық-баллдық жүйе арқылы кадрлар тұрақтай бастады - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова факторлық-баллдық жүйенің қаншалықты тиімді екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Факторлық-баллдық шкала жүйесі мемлекеттік қызметшілердің ынталандырады және өзге жастардың қызығушылығын оятады. Әзірге бұл жүйе біздің агенттікте, Әділет министрлігінде, Маңғыстау облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерінде пилоттық режимде жұмыс істейді. Шын мәнінде бұл - өте тиімді механизм және біз оны қолдаймыз», - деді агенттік басшысы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, ол факторлық-баллдық жүйе арқылы кадрлардың тұрақтамауы мәселесі шешілгенін атап өтті.
«Пайыздық үлесте айтар бослам, Әділет министрлігінде кадрлардың тұрақтамауы 4,6% болатын. Факторлық-баллдық жүйеден кейін бұл көрсеткіш 0,6% дейін төмендеді. Яғни, бұл жүйенің тиімді екенін айғақтап отыр. Елбасы атап өткендей, факторлық-баллдық шкала қаржыландырудың ішкі көздері арқылы жұмыс істейді», - деді Анар Жайылғанова.
- Алик Шпекбаев қызметкері жемқорлыққа ұрынған басшы жұмыстан қалай кететінін түсіндірді
- Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек
- Мемлекеттік қызметшілерге мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылды
- Мемлекеттік қызмет туралы заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруіне не ықпал еткенін айтты
-
Құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам