Facebook-те «іздеу жүйесі» сынақтан өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі қосымшаға қосылған іздеу жүйесін тестілеуден өткізіп жатыр. Оның көмегімен статустың жаңартылуына сілтемелерді Google секілді іздеу қызметтерін алдын ала қолданусыз қосуға болады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Facebook ресми қосымшасының кейбір пайдаланушыларында «сілтемені қосу» пернесі пайда болды. Оны басқан адам мақалалар мен жазбаларды басты сөздер арқылы іздеу жүйесімен өте алады. Әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, жаңа қызмет түрін тестілеу үшін триллионнан астам жазбалар индекстелінді.

Қазіргі уақытта пайдаланушы браузер терезесіндегі сілтемені көшіріп алып немесе оны іздеу жүйесінде тапқан соң ғана онымен Facebook-те бөлісе алады.

Жаңа қызметті Facebook-тің барлық пайдаланушылары қашан қолдануы мүмкін екені әлі нақтыланбады .

Бұған дейін АҚШ БАҚ-тары әлеуметтік желілерде ғаламтор басылымдарымен келіссөздер жүргізіп, оларға әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында мақалалардың толық мәтіндерін орналастыруды ұсынған.

Соңғы жаңалықтар