Facebook пен Instagram әлеуметтік желіде өткізген уақытты бақылауға көмектеседі

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қолданушылардың белгілі бір уақыт аралығында қосымшадағы push-хабарламасын өшіруге мүмкіндігі туады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Instagram мен Facebook әлеуметтік желілері қолданушылар уақытын тиімді пайдаланудың жаңа әдістерінің пайда болғаны туралы хабарлады, делінген Instagram-ның баспасөз хабарламасында.

«Бүгін біз Instagram мен Facebook қолданушыларының өз уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа механизмнің іске қосылғанын жариялаймыз. Бұл белсенділікті басқару панелі, күн сайынғы «еске салу», сондай-ақ хабарламалар легін шектеудің жаңа тәсілі», - делінген мәтінде.

Аталып өтілгендей, бұл тетіктер сарапшы-психологтардың қатысуымен, сондай-ақ Instagram мен Facebook зерттеудің негізінде және оларды қолданушылардың пікірлері ескеріліп, жасалған.

Жаңашылдықты кез келген қосымшадағы баптаулар панелінен қосуға болады. 

Соңғы жаңалықтар