Facebook құпиялылықты тексеруге 3 миллиард доллар бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Facebook АҚШ билігінің компанияның құпиялылық саясатын тексеру жұмыстарына кететін шығынды толтыру үшін 3 миллиард доллар бөлетінін хабарлады. ВВС басылымының жазуынша, соған қарамастан АҚШ Федералды сауда комиссиясы өткізетін тексерістің шығынына бұл қаржы жетпей қалуы мүмкін.

«Facebook биылғы жылдың алғашқы үш айында жалпы сауда көлемі 26%-ға өсіп, 15,08 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Facebook-тің ай сайынғы пайдаланушылар саны да 8%-ға артқаны хабарланды», деп жазады басылым.

Келтірілген мәліметке қарағанда, бүгінде Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 2,38 миллиардқа жеткен.

«Марк Цукерберг биылғы акциялар 40%- ға көбейгенін хабарлады. Дегенмен, компанияда Cambridge Analytica мәліметтері бойынша тексеру жұмыстары өткізілген еді», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар