Facebook компаниясын бөлу ұсынылды - The New York Times

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Facebook компаниясының негізін қалаушылардың бірі Крис Хьюз федералды органдарға әлеуметтік желі басшысының тым беделді екенін айтып, технологиялық алып компанияны бөлуді ұсынды, деп жазады The New York Times басылымы.

«Компанияның бас директоры Марк Цукерберг өте беделді және компания тиімді монополияға айналды», - дейді Гарвардта Цукербергпен бірге көрші тұрған Хьюз.

«35 жастағы Хьюз Facebook компаниясы құрыла бастағаннан бастап көмектескен және әлеуметтік желідегі негізгі өнімдерді құрастырған. Ол компаниядан 2007 жылы кетіп, Барак Обаманың президенттік кампаниясына қосылды. Ал 2012 жылы Facebook акцияларынан бас тартты», деп жазады басылым. Автордың жазуынша, Хьюз Фейсбук Instagram мен WhatsApp қосымшаларын сатып алған кезде сөз бостандығына қауіп төніп, бәсекелес инновацияларды жойып жатқанын түсінгенін айтқан. Сондай-ақ, Хьюз Марк Цукербергтің екі миллиард адамға сөзін өткізе алатынына алаңдаушылық білдірген.

«Цукербергті ешбір компания, ешбір орган, тіпті Үкімет те бақыламайды. Сол себепті де ол тым беделді» дей келе Хьюз Facebook компаниясының басым болуы инновациялар мен бәсекелестерін ысырып, тұтынушыларға қауіп төндіруі мүмкін екенін жазған.

«Сол себепті компанияны бөлу керек», - дейді Хьюз.

Соңғы жаңалықтар