+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Facebook қазақ тілді маман іздеп жатыр

2018 жылғы 11 қаңтар 09:16
Бөлісіңіз:
Facebook қазақ тілді маман іздеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада үздік үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтіні хабарланған. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан.

Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексерумен айналысады, қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады.

Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруы тиіс. Сондай-ақ, оның бакалавр мен магистр оқу дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткерден ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгеруі талап етіледі. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алуы - үлкен артықшылық болмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT