08:59, 10 Тамыз 2018 | GMT +6
Facebook қарудың сызбаларын жариялауға тыйым салмақ
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі парақшада 3D-принтердің көмегімен атыс қаруын жасауға арналған сызбаларды жариялауға тыйым салмақ, деп хабарлайды ТАСС агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Facebook желідегі осындай контенттің барлығын, басқа сайттарға сілтемелерді қоса өшіретінін мәлімдеді.
«3D-принтерлердің немесе цифрлық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктардың көмегімен атыс қаруын жасауға болатын нұсқауларды орналастыруға тыйым салынады. Осы саясатқа байланысты, мұндай контентті Facebook-тен өшіреміз», - делінген әлеуметтік желінің мәлімдемесінде.
Соңғы кезде АҚШ-тағы жаппай атыстарда AR-15 винтовкасы мен тапаншалар пайдаланылған. Олардың әлеуметтік желіні кезіп жүрген сызбалары арқылы кез келген адам 3D-принтердің көмегімен қару жасай алатын.